Түркиядағы зілзаладан ағайынды жас теннисшілер қаза болды

Түркиядағы зілзаладан ағайынды жас теннисшілер қаза болды
Теннис

Түркияның аданалық екі жасөспірім теннисшісі Ягыз Учурум мен Ягмур Учуром жер сілкінісі салдарынан қираған үйлердің үйіндісі астындa қалып, қаза тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Түркия теннис федерациясы мәлімдеді. 

"Теннисшілеріміз Ягыз Учурум мен Ягмур Учурум, сондай-ақ олардың ата-анасы Угур Учурум мен Гекче Учурумның Аданада болған жер сілкінісі салдарынан қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз", - деп жазылған Түркия теннис федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында. 

6 ақпан күні болған зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 12 мыңнан асса, жарақат алғандардың саны 63 мыңға жуықтады.