Зілзаладан кейін түріктің баскетболшы қызы табылмай жатыр

Баскетбол
Түріктің баскетболшы қызы Нилай Айдоған зілзала болғаннан бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол Малатье қаласындағы қирандылардың астында қалып қойды деп болжанып отыр. Өйткені, баскетболшы Малатьеде тұратын әжесіне барған. Бұл туралы Нилай Айдоған өнер көрсететін клубтың баспасөз орталығы мәлімдеді.
Спортшының әжесі тұратын үй толығымен қираған. Қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оған қоса, Нилайдың өзі мен туыстарына қатысты бірде-бір ақпарат жоқ.
Соңғы деректерге сәйкес, Түркиядаға зілзаладан қаза тапқандардың саны 6 234 адамға жеткен, табиғи апат салдарынан 37 011 тұрғын жарақат алған.