Леброн Джеймс ҰБА тарихында жаңа рекорд орнатты

Баскетбол
"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының ойыншысы Леброн Джеймс Ұлттық баскетбол ассоциациясы тарихында ең көп ұпай жинаған баскетболшы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
ҰБА-дағы "Оклахомаға" қарсы өткен кезекті матчта Джеймс 38 ұпай жинады. Десе де, кездесу қарсыластың жеңісімен, 133:130 есебімен аяқталды.
Осы ойыннан кейін америкалық баскетболшы 38 390 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш бойынша ол отандасы Карим Абдул Жаббарды (38 887) басып озды.
Джеймс ҰБА-да 1 410 матч өткізсе, Абдул-Жаббар 1560 кездесуде алаңға шыққан.