Олимпиада чемпионы көп алдында жазаға тартылды
Бокс
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасы жетекші спортшыларының бірі Баходир Жалолов көп алдында жазаға тартылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы ұлттық құрамамен бірге мамырда өтетін әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр.
"Ұлттық құраманың бас бапкері Тулкин Қылышев спортшылардың дайындығына қатал қарап, олардың жаттығуға уақытылы келуі мен жалпы тәртібіне көп мән береді", - деп жазылған өзбекстандық "Qalampir" сайтында.
Әлеуметтік желілерде Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың жаттығуға кешігіп келгені үші ұлттық құраманың өзге мүшелерінің алдында 30 рет жерден қолмен көтерілген (отжимание) видеосы кең тарады.
Мамыр айында Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатына Өзбекстанның үздік боксшылары қатысады деп күтіліп отыр. Ал бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын әлем біріншілігіне Мырзағали Айтжанов бастап барады.