Рыбакинаның финалдағы қарсыласы АО тарихына енді

Рыбакинаның финалдағы қарсыласы АО тарихына енді
Теннис

Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко 1980 жылдан бері Аустралия ашық чемпионатының жекелей де, жұптық та сындарында жеңімпаз атанған төртінші теннисші атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жекелей сында Елена Рыбакинаны тізе бүктірген Арина Соболенко 2021 жылы АО турнирінің жұптық бәсекесінде Элизе Мертенспен бірге жеңімпаз атанған. Соңғы 43 жылда бұл жетістікке тек Мартина Навратилова, Мартина Хингис пен Серена Уильямс қол жеткізе алған. 

Еске салайық, өткен жексенбіде Арина Соболенко отандасымыз Елена Рыбакинаны 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.