Қайрат Нұрдәулетов шәкірттерінің қарсыластарына қатысты пікір білдірді

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттерінің қарсыластарына қатысты пікір білдірді
Футбол

Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов Еуро-2025 ірік еу кезеңі жеребе тарту рәсімінің нәтижесіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі 

“Топқа жақсы командалар түсті деп ойлаймын. Соңғы жылдары Бельгия, Испания мен Шотландия құрамаларымен кездестік. Осы ойындар бізге көмектесуі керек. Венгрия - мықты қарсыластардың бірі. Соңғы нәтижелері жақсы, Мальтаның деңгейі жыл санап артып келеді. Топтағы ойындар күрделі болуы мүмкін. Жас футболшыларымыз үшін теңдессіз тәжірибе болады. Сәтті өнер көрсете алатынымызға сенемін. Топтық кезеңдегі ойындар оңай болады деп ойламаймын. Қарсыластарымыздың мықты да, әлсіз де тұстарын білеміз. Бельгия мен Шотландия құрамаларының бапкерлері ауысқан жоқ. Сондықтан олардың ойын тактикаларын жақсы білеміз деуге болады. 

10-18 ақпан күндері Түркияда боламыз. Сол жақтағы оқу-жаттығу жиыны кезінде ойыншылардың жағдайымен жақынырақ танысамыз. 

Басты міндетіміз - ұлттық құрамаға ойыншыларды дайындау. Іріктеу кезінде Астанов, Жұмабек және Самородов сынды футболшыларды дайындағымыз келіп отыр", - деді Қайрат Нұрдаулетов ҚФФ баспсөз қызметіне берген сұхбатында. 

2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Мальта, Венгрия, Шотландия, Бельгия мен Испания командаларымен кездеседі.