Месси келесі әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады

Месси келесі әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады
Футбол

Аргентиналық шабуылшы, “ПСЖ” ойыншысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Әзірге білмеймін, жасыма байланыста әлем чемпионатына қатысу қиын болады деп әрдайым айтамыр. Футбол ойнағанды жақсы көремін, ісім өзіме ұнайды. Физикалық формам жақсы болып, футболдан ләззат алуым тоқтағанға дейін бұл іспен айналыса беремін. Алайда келесі әлем чемпионатына дейін әлі біраз уақыт бар. 
Бәрі мансабымның қалай жалғасатынына байланысты. Жақында 36 жасқа (24 маусым) толамын, мансабымның қалай өрлейтініне қарай шешім қабылдаймын. Шешімге бір емес, бірнеше нәрсе ықпал етеді”, - деп айтқан Лионель Месси “Ole” басылымына. 

Еске салайық, Месси Аргентина құрамасымен бірге 2022 жылғы әлем чемпионы атанды.