Дидье Дешам ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған шәкіртімен қош айтысты
Футбол
Футболдан Франция командасының бас бапкері Дидье Дешам ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған Рафаэль Варанмен қош айтысты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Рафаэль бірнеше күн бұрын хабарласып, халықаралық деңгейдегі мансабын аяқтайтынын айтты. Ол шшім қабылдамас бұрын ұзақ уақыт ойланып, бәрінің ақ-қарасын ажыратты. Арамызда не айтқанымызды ашып айтпаймын, алайда ол ұлттық құрамадағы мансабының соңына келгенін мәлімдеді. Мен оның шешімін құрметтеймін, келтірген аргументтерін түсніемін. Ол өзінің көшбасшылық қасиеттерімен командамызға әлі талай көмектесе алатын еді. 2012 жылдың тамызында басталған бапкер мен шәкірт ретіндегі қарым-қатынасымыздың нүктесін қою маған да қиын. Ол кезде Рафаэль жас, болашағынан зор үміт күттіретін "Реалдың" ойыншыларының бірі болды. Ұлттық құраманың бас бапкері ретінде өткізген алғашқы жолдастық кезедсуімде алаңға шықты. 21 жасында капитанның міндетін сеніп тапсырдым. Командаға менің ойларымды керемет жеткізетін. Оның бапкері болғаны үшін бақыттымын. Оған бақыт пен мансабының одан әрі қарай жандануын тілеймін", - деді Дишье Дешам деп жазады Франция футбол федерациясының ресми сайты.
Еске салайық, бүгін қорғаушы Рафаэль Варан ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын.