Дмитрий Шевченко “Барыста” өнер көрсетудің артықшылығын айтты

Дмитрий Шевченко “Барыста” өнер көрсетудің артықшылығын айтты
Хоккей

Шабуылшы Дмитрий Шевченко маусым барысында “Авангардтан” астаналық “Барысқа” ауысып келді. Араға уақыт салып, спортшы елордалық командаға ауысуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Барысқа” келгеннен кейін нәтижелерім неге жақсара түсті? Бәрі бапкерлердің сенімі мен алатын ойын уақытыңа байланысты. “Авангардта” орта есеппен айдында 7 минут өткізетін едім, оған қоса араға 3-4 матч салып құрамға енемін. Бір ай бойы ойнамаған кездерім де болды. Мұнда маған артылатын сенім мен берілетін ойын уақыты үшін өзімнен көп нәрсе талап етемін. Жеңілсек, белгілі бір жерде дайындықты күшейтуім керек. Ойнап, ұпай еншілеп жүргенім үшін, әрине, қуаныштымын. Алайда өз көрсеткіштерімді жақсарта түссем, қуанышымда шек болмайды. Маусымда қайта жандандырғаным анық”, - деді Дмитрий Шевченко. 

Дмитрий Шевченко биылғы маусымды омскілік “Авангард” сапында бастап, 17 ойында 2 (1+1) ұпай еншіледі. Ал “Барысқа” қайта оралған соң, спортшы 21 матчта 4 гол соғып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Шабуылшының бір матчтағы ойын уақыты 7 минут 51 секундтан 17 минут 16 секундқа дейін артты. 

Дереккөз: “РБ Спорт”