Сербиялық клуб төрешіге түкірген жанкүйерді өмір бойына матчтан аластатты

Сербиялық клуб төрешіге түкірген жанкүйерді өмір бойына матчтан аластатты
Баскетбол

Сербиялық "Партизан" баскетбол клубы төрешіге түкірген жанкүйердің жарысты трибунадан көруіне өмір бойы тыйым салды, деп жазады Bassport.kz. 

Бұл туралы клубтың баспасқөз қызметі мәлімдеген. 

Аталған жағдай "Партизан" мен "Баскония" клубтарының арасындағы матч кезінде тіркелген. 

Видеоқайталау арқылы құқыққорғау органдары жанкүйердің түкіргенін анықтады. Енді ол команданың өз алаңындағы матчтарды өмір бойы көре алмайды. 

Сондай-ақ Еуролига ережесі бойынша жанкүйерден 5 мың еуро көлемінде айыппұл алынады.