"18 секундқа кешіктік": "Барселона" Арауходан қалай айырылып қалғанын айтты

Футбол

"Барселона" клубының директоры Матеу Алемани "Лос-Анджелес Гэлакси" қорғаушысы Хулиан Араухоның трансфері неліктен жүзеге аспағанын мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz. 

Бұған дейін каталониялық команда 21 жастағы ойыншыны 4 миллион еуроға сатып алу туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын. 

Футболшымен 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшарт талқыланды. 

"Біз жүйедегі қателіктерге байланысты оны тіркей алмадық. Небары 18 секундқа кешігіп қалдық. Енді ФИФА-ның не айтатынын көреміз", - деді Алемани. 

Өткен маусымда Араухо Жоғарғы футбол лигасында 31 матч өткізіп, бір гол соққан.