"Барыс" қазандық клубқа есе жіберіп, плей-офф аймағынан шығып қалды

Хоккей

Қазандық "Ак Барс" клубына есе жіберген соң, "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф аймағынан шығып қалды, деп жазады Bassport.kz. 

Сырт айдында 2:1 есебімен жол берген астаналық команда Шығыс конференциясында 10-орында тұр. Бұл клубтың әзірге плей-офф аймағына енбейтінін көрсетеді. 

"Барыс" сегізінші орында келе жатқан "Нефтехимик" клубынан екі ұпайға қалып тұр. Сондай-ақ, астаналықтар "Амурдан" екі ұпай артта келеді. Соңғы орында келе жатқан "Трактордың" "Барыстан" бір ұпайы кем.Десе де, аталған команданың әлі екі ойыны бар екенін ескеру керек. 

Келесі матчты "Барыс" 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамоға" қарсы өткзеді.