Камила Берліқаш Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласады

Камила Берліқаш Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласады
Дзюдо

Дзюдодан Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Камила Берліқаш қола медальға таласады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Отандық балуан жартылай финалда Португалия өкілі Рошель Нуниеске ескерту саны бойынша есе жіберді. 

Осылайша, Камила турнирдің қоласына таласу мүмкіндігін алды. 

Айта кетелік, бұған дейін Камила Берліқаш Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанған болатын.