"Қатарынан 19 нокаут": Ресейлік Артур Бетербиев қарсыласын тағы да естен тандырды

Бокс

Лондонда өткен бокс кешінде ресейлік Артур Бетербиев пен британиялық Энтони Ярд кездесті, деп жазады Bassport.kz. 

Бетербиев пен Ярд WBC, WBO және IBF тұжырымдағы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына таласқан болатын. 12 раундқа жоспарланған кездесу Бетербиевтің жеңісімен сегізінші раундта аяқталды. Сондай-ақ Ярд сегізінші раундта нокдаун алып үлгерді. 

Бұл Артур Бетербиевтің кәсіби бокстағы қатарынан 19-жеңісі. Ал Энтони Ярд үшінші рет жеңіліп отыр.