Уимблдонда Рыбакинадан жеңілген Онс Жабер АО финалына баға берді

Уимблдонда Рыбакинадан жеңілген Онс Жабер АО финалына баға берді
Теннис

Тунистік теннисші Онс Жабер Аустралияның ашық чемпионатының жеңімпазы атанған белорусиялық Арина Соболенконы табысты өнер көрсетуімен құттықтап, Елена Рыбакинаға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Арулар, қандай керемет финал! Арина, жеңісіңмен құттықтаймын. Сен бұған лайықтысың. Елена сәл сәттілік жетіспеді, алайда әлі талай "Үлкен дулыға" турнирлерін жеңетініңе сенімдімін", - деп жазды Онс Жабер Twitter парақшасында. 

Еске салайық, 2 сағат 29 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Аустралия ашық чемпионатының финалында өнер көрсеткен Елена Рыбакина 30 қаңтар күні жарияланатын жаңа рейтингте әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енеді.