Арина Соболенко тұңғыш рет "Үлкен дулыға" турнирі жеңімпазы атанды

Арина Соболенко тұңғыш рет
Теннис

Теннистен 2023 жылғы Аустралия ашық чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық матчы аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші мәрте "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпазы атануға талпынған. Алайда үш сет қорытындысында әлемнің бесініш ракеткасы, белорусиялық теннисші Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді. Сөйтіп, 24 жастағы Арина Соболенко кәсіби мансабында тұңғыш рет "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы атанды.