14 жастағы теннисшіміз Аустралиядағы турнирдің финалында өнер көрсетті
Теннис
Теннистен Аустралия ашық чемпионаты аясында "Мельбурн Парк" корттарында жасөспірімдер арасындағы Asia-Pacific Elite 14 &Under Trophy турнирі өтіп, қазақ қызы жарстың финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
14 жастағы Альбина Кәкенова турнирдің финалында бақ сынап, таласты тартысты жапониялық Хикари Ямоммотоға 7:6, 4:6, 32:6 есебімен жол берді.
"Әрине, шешуші ойында жеңіліп қалу көңіл-күйіңді түсіреді. Өйткені, финалға дейін жету үшін көп күш жұмсайсың. Жылды табысты бастай алғаным үшін қуаныштымын. Осындай мәртебелі жарыстың ақтық сынында өнер көрсеттім. Мен үшін сәтті апта, жақсы турнир болды. Тек позитивті қорытынды жасауға болады", - деді Альбина Кәкенова.
Альбина Кәкенова - Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі. Марат Шәріповтің қол астында жаттығатын спортшы өткен маусымды 14 жасқа дейінгі спортшылардың Азия рейтингінде көшбасшы болып аяқтады. Былтыр спортшы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors турнирлері сериясының төртеуінде жеңімпаз атанды.