AO: Рыбакина екінші мәрте “Үлкен дулыға” турнирі чемпион атануға жақын

AO: Рыбакина екінші мәрте “Үлкен дулыға” турнирі чемпион атануға жақын
Теннис

Бүгін теннистен жылдың алғашқы үлкен бәсекесі Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы финалдық матчы өтіп, 2023 жылғы чемпионы анықталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандвқ теннисші Елена Рыбакина өз мансабында екінші рет “Үлкен дулыға” турнирлерінің финалында ойнайды. Бұған дейін ол 2022 жылғы Уимблдон чемпионы атанған.

Ал оның финалдағы қарсыласы Арина Соболенко (Беларусь) осындай ірі турнирдің финалында алғаш рет өнер көрсетеді. 

Матч Астана уақытымен 14:30-да басталады.