Анчелоттидің ұлы "Эвертон" тізгінін ұстауы мүмкін

Анчелоттидің ұлы
Футбол

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелоттидің ұлы "Эвертон" тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Испаниялық Маrcа басылымының жазуынша, Давиде Анчелотти "Эвертонның" ұсынысы туралы ойланып жатыр. Бұған дейін ол ешқашан бас бапкер қызметін атқарып көрмеген. Ливерпульдық клуб оны Карло Анчелоттидің 2019-2022 жылдары "Эвертонды" жаттықтырған шағынан жақсы таниды. 

23 қаңтар күні "Эвертон" Фрэнк Лэмпардтың бас бапкер қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын. 44 жастағы маманның қол астында "Эвертон" соңғы үш айда бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген. 

Ал Давиде Анчелотти болса, әкесімен бірге мадридтік "Реалдың" бапкерлер құрамында қызмет етеді.