Пикенің анасы мен Шакираның сөзге келген сәтінің видеосы тарады

Пикенің анасы мен Шакираның сөзге келген сәтінің видеосы тарады
Футбол

Әлеуметтік желілерде "Барселона" мен Испания ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы Жерар Пикенің анасының футболшының бұрнығы әйелі, танымал әнші Шакирамен ұрсысып жатқан сәті кең тарады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бейнежазбадан Пикенің анасының Шакираға әртүрлі сөздер айтып, кейіннен оның бетінен ұстап алғаны көрінеді. Ал футболшының өзі жағдайды тек сырттан бақылап тұр. 

Бұған дейін футболшының Шакираның көзіне шөп салғаны, ал әншінің оны үйіндегі құлпынай тосабынан байқап қалғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ, желілерде Шакира экс-енесінің үйіне қарайтын балконына мыстан кемпірдің бейнесін қойды деген де хабар болды.