Қазақстандық әлем чемпионы Азия алтынын еншіледі
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай 22 жасқан дейінгі жастар арасында Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалін енішледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Санжар Тәшкенбай финалда өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен сынға түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп, ол жастар арасындағы Азия біріншілігінің чемпионы атанды.
Санжар Тәшкенбай 2022 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионы, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы екенін еске сала кетейік.
Енді шаршы алаңға бес боксшымыз көтеріліп, олар да алтын медаль үшін сынға түседі: Нұрсұлтан Алтынбек (54 елі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі).