"Бос шығын". "Барыстың" сәтсіз трансфері сынға қалды

Хоккей

Ресейлік "Чемпионат.com" сайты биылғы маусымның 15 сәтсіз трансферінің тізімін жариялады. Бұл қатарға "Барыс" шабуылшысы Майкл Шапю де кірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Майкл Шапю осы маусымда төрт рет жарақат алды, ал желтоқсан айының соңында маусым аяғына дейін командаға көмектесе алмайтыны анықталған болатын. 

"Әрдайым сапалы легионерлерді қатарына қосатын "Барыстың жасаған сәтсіз трансфері. Майкл Шапю қайта-қайта жарақат алды, плей-офф жолдамасы үшін жанталасып жатқан командасына еш пайда әкеле алмады. Клуб менеджменті мұндай трансферлерден бас тартуы керек. Бос шығын", - деп жазды "Чемпионат.com".  

Еске салайық, шабуылшы "Барыс" сапында 10 матчқа қатысып, 3 (3+0) ұпай еншіледі, ал оның пайдалылық көрсеткіші "-3" болды.