Қазақстан чемпионатының плей-оффына өткен барлық командалар белгілі болды

Қазақстан чемпионатының плей-оффына өткен барлық командалар белгілі болды
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Атыраулық “Бейбарыс” өз айдынында “Ертісті” сенімді жеңді. Бұл нәтиже “Горянк” (Рудный) пен “Құлагер” (Петропавл) командаларының чемпионаттың шешуші кезеңіне өтуіне жағдай жасады. Осылайша, Кубок үшін таласатын сегіз команда айқындалды. Ал “Горняк” болса, аоаға төрт жыл салып, маусымның екінші әрә шешуші бөлігінде өнер көрсетеді.