Лука Модрич саудиялық клубтың ұсынысын кері қайтарды

Лука Модрич саудиялық клубтың ұсынысын кері қайтарды
Футбол

Мадридтік “Реал” мен Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич саудиялық “Әл-Наср”

жасаған ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі “24sata.hr”сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы футболшы Сауд Арабиясы командасына ұсыныс үшін алғыс айтып, мансабын “Реалда” аяқтауды қалайтынын айтып, одан бас тартқан. 

Бұған дейін “Әл-Насрдың” хорватиялық футболшыға маусымдық жалақысы 40 млн еуродан асатын екі жылға шақталған келісімшарт ұсынғаны туралы ақпарат тараған еді.