Екі аруымыз Азия чемпионы атағына таласады

Екі аруымыз Азия чемпионы атағына таласады
Бокс

Бүгін бокстан Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Финалда Қазақстан намысын екі аруымыз қорғайды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жасмин Қизатов сары құрлық бәсекесінің алтынын өзбекстандық Азиза Зокировамен сарапқа салады. 

81 келіде бақ сынайтын аруымыз Гүлсая Ержан Азия чемпионы атағы үшін шаршы алаң иесі Порниппа Чутимен жұдырықтасады.

Финалдық кездесулер Астана уақытымен 13:00-де басталады. Қазақстандық арулар шаршы алаңға тоғызыншы және он бірінші жұптарда шығады.