Александр Шевченко Швейцариядағы турнирдің екінші айналымына шықты
Теннис
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бастапқы кездесуде әлемнің 100-ракеткасы рейтингіде 132-орында тұрған франциялық Александр Мюллермен шеберлік байқасты.
Матчтың алғашқы сеті 3:6 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталғанымен, Шевченко жылдам жинақталып, кейінгі бөлімдерде 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.
Бір сағат 59 минуттық тартыста отандық спортшы 13 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Отандасымыз келесі айналымда корт иесі, рейтингте 360-сатыдағы швейцариялық Доминик Стрикермен күш сынасады.