Халықаралық теннис федерациясы Пикенің компаниясымен соттаспақ

Халықаралық теннис федерациясы Пикенің компаниясымен соттаспақ
Теннис

Халықаралық теннис федерациясы 2019 жылдан бері Дэвис Кубогын ұйымдастырып келе жатқан "Kosmos" компаниясын сотқа беруге дайындалып жатры, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Футболшы Жерар Пике негізін қалаған "Kosmos" компаниясы ITF-пен жасалған келісімшартта көрсетілген міндеттерін орныдамаған. Келісімшарт 25 жылға шақталған болатын, оның негізінде компания жыл сайын 40 млн доллар қаржы төлеуі керек болатын. Алайда ұйым бұл талаптарды орындай алмаған және осы жылы Дэвис Кубогын соңғы рет ұйымдастырады. 

ITF сот арқылы келтірілген шығынды қайтаруды талап етпек, Федерацияның заңгерлері сот процесін жеңетіндеріне сенімді көрінеді. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында  кейбір ұлттық құрамалар жарысқа қатысуы үшін ITF қаржыны өз қалтасынан төлегені туралы ақпарат тараған еді. Оған себеп -  "Kosmos-тың" қажетті қаржыны төлей алмауы.