Линден Вей маусымдағы 68 матч тым көп екенін жеткізді

Линден Вей маусымдағы 68 матч тым көп екенін жеткізді
Хоккей

Астаналық "барыс" шабуылшысы ресейлік "РБ Спорт" сайтына кең көледі сұхбат берді. Онда форвард өз командасының биылғы маусымдағы ойынына баға беріп, маусымдағы матчтар санына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Соңғы жылдары Лига қызығырақ бола түсті әрі бәсекелестік артты. Турнирлік кестеде барлық командалар бір-біріне жақын орналасқан, әсіресе Шығыс конференциясында. Бұрын плей-оффқа көп шыға бермейтін командалар да қазір маусымның қорытынды бөлігі үшін таласатын болған. Үздік сегіздікке ену үшін осындай тартыс болғаны есімде жоқ. 

- Тұрақты маусымда 68 матч өткізуге көзқарасыңыз қандай?

- Мәскеу аймағындағы командалар үшін бұл күнтізбе қолайлы. Ал Шығыс конференциясы командалары үшін қиын. Біздің күнтізбеміз, расымен, күрделі. Біз шекарадан жиі шығамыз, ұшақта көп уақыт өткіземіз. Менің пікірімше, Шығыс конференциясы командалары үшін 68 матч өте көп.