«Тобыл» Асхат Тағыбергенмен қоштасты

«Тобыл» Асхат Тағыбергенмен қоштасты
Футбол

Қостанайдың «Тобыл» клубы команда капитаны Асхат Тағыбергенмен ресми түрде қоштасты, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Негізі футболшымен келісімшарт 2022 жылдың соңына дейін жасалған. Жаңа жылдан бастап, футболшы еркін агент ретінде жүрген.

Асхат «Тобыл» сапында 76 матчта 16 гол соққан. Командамен бірге 2021 жылы Қазақстан чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар ел суперкубогында екі рет жеңіске жетті.

Енді оған «Ақтөбе» мен «Ордабасы» қызығушылық танытып отыр.