Гүлсая Ержан алтын жүлде үшін сынға түседі

Гүлсая Ержан алтын жүлде үшін сынға түседі
Бокс

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан ел қоржынына 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты финалдық бәсекесінің екінші жолдамасын салды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен гүлсаяя Ержан жартылай финалда Непал елінің спортшысы Триша Джебегумен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске қол жеткізді. Енді Гүлсая Ержан алтын жүлде үшін таласады. 

Гүлсая Ержан бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан финалға жолдама ала алған екінші спортшы атанғанын еске сала кетейік. 81 келіде бақ сынайтын спортшымыздың алдында Дана Дидай ақтық сынға жолдама алған болатын. Ал екеуінің алдында шаршы алаңға көтерілген жеті боксшымыз жеңілістің ащы дәмін татып, қола жүлдеге қанағат тұтты.