Виктория Графеева да финалға өте алмады

Бокс
Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық спортшы Виктория Графеева жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
57 келіде ел намысын қорғаған қазақстандық боксшы жартылай финалда өзбекстандық Ситора Тұрдыбековамен сынға түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. Екінші раундта Виктория Графеева бір рет нокдаунға түскен.
Осылайша, Виктория Графеева да сары құрлық бәсекесінің шешуші кезеңіне өте алмай, қола медль еншіледі.