Батырлан Мұратов Қазақстанның АҚШ-тан жеңілуінің себебін түсіндірді

Батырлан Мұратов Қазақстанның АҚШ-тан жеңілуінің себебін түсіндірді
Хоккей

Қазақстан ұлттық құрамасы Универсиаданың жартылай финалына топтан екінші орынмен шықты. Команда бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, соңғысында ғана АҚШ құрамасына жол берді. Батырлан Мұратов Қазақстан құрама командасының үздік сұрмергені атанып, турнир туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Батырлан, турнирдің жартылай финалына өтулеріңізбен құттықтаймыз! турнир қандай әсер қалдырып жатыр?

- Рақмет, турнир әлі жалғасып жатыр, барлық қызық енді басталады!

- АҚШ-пен болған ойында жеңіліс табуымызға не себеп болды, не жетіскен жоқ?

- Мүмкіндіктерімізді жүзеге асырған жоқпыз, қорғаныста әлсіз ойнадық, сондықтан жеңіліс таптық. Олар өз мүмкінідктері мен біздің қателіктерімізді сәтті қолданды. Сәттілік серік болған жоқ, бұл - хоккей. Бәрі ойдағыдай, жұмыс істеуді жалғастырамыз, сосын нәтиже де болады!

- Өз қақпамызға 4 голдан көп шайба жібергенде, жартылай финалдың жолдамасынан құр қалатын едік. Қандай да бір қысым болды ма?

- Қысым болды, бұл туралы ойламай, бапкерлердің тапсырмаысн орындауға тырыстық. 

- Акклимитизация қалай өтті? Топтық кезеңнің соңына қарай шаршаңқылық болды ма?

- Бәріміз шаршаймыз, бұл заңды нәрсе. Қазір сәл демалып алуға уақыт бар. Алғашқы ойындар қиынырақ болды, уақыт айырмашылығы қалай болғанда да әсер етті. Бірақ қазір бәрі жақсы. 

- Сіздер үшін көп адам елде жанкүйер болып жүр. Қолдаушыларыңызға не айтасыз?

- Бізге қолдау көрсетіп, сенім білдіріп жатқан барша жанкүйерге көп рақмет. Нағыз тартыс алда! 
Дереккөз: Қазақстан хоккей федерациясы