Қазақстандық төрт хоккейші Универсиаданың үздік сұрмергендері қатарына кірді
Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Универсиаданың хоккей турнирінің топтық кезеңі аяқталып, Қазақстан құрамасының жартылай финалда Канадамен кездесетін анықталды. Сондай-ақ, ұлттық құраманың төрт шабуылшысы топтық кезең қорытындысында Дүниежүзілік студенттер ойындарының үздік сұрмергендері қатарына енді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Үздік сұрмергендер көшін 21 жастағы словакиялық шабуылшы Петер Сандро бастады, ол 5 матчта 11 (4+7) ұпай еншілеген. Ал қазақстандық хоккейшілер арасынан Батырлан Мұратов бұл тізімде алтыншы орынға тұрақтады. Ол 5 матчта 9 ұпай (5+4) ұпай олжалаған, ал Ұлыбританияға қарсы болған матчта хет-трик авторы атанды. Оның соңынан МаксимМухаметов, Максим Мусоров пен Саян Данияр ілесті. Топтық кезеңнің үздік сұрмергендерінің толық тізімі келесідей:
1. Перет Сандор (Словаия) - 5 матч, 11 (4+7) ұпай
2. Брет Дэвис (Канада) - 5 матч 10 (5+5) ұпай
3. Хун Джэон (Оңтүстік Корея) - 5 матч, 10 (4+6) ұпай
4. Лукаш Куба (Словакия) - 5 ойын, 9 (6+3) ұпай
5. Люк Акуаро (АҚШ) - 5 матч, 9 (5+4) ұпай
6. Батырлан Мұратов (Қазақстан) - 5 матч, 9 (5+4) ұпай
13. Максим Мухаметов (Қазақстан) - 5 матч, 8 (4+4) ұпай
14. Максим Мусоров (Қазақстан) - 5 матч, 8 (3+5) ұпай
18. Саян Данияр (Қазақстан) - 5 матч, 7 (2+5) ұпай