Қазақстан құрамасы жартылай финалда Канадамен кездесуі мүмкін

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Канадамен кездесуі мүмкін
Хоккей

Лейк-Плэсидтегі қысқы Универсиадада хоккейден ел намысын қорғап жатқан Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Алайда командамыздың қарсыласы әлі белгілі болған жоқ. Десе де, финалдық жолдама үшін бәсекеде ұлттық құрамамыз Канадамен сынға түсуі әбден мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

18 қаңтар күні түнде Канада топтық кезеңдегі соңғы іріктеу матчын ойнап, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Турнирдің бес кездесуінде де жеңіске жеткен үйеңкі жапырақты ел өкілдерінің еншісінде 15 ұпай бар, олар "А" тобында көш бастап тұр. 

"В" тобында кімнің айқын көшбасшылыққа ие болары әлі белгісіз. Әйтсе де, болжам жасап көруге болады. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері бес матчтың төртеуінде жеңіп, біреуінде жеңіліп, 12 ұпай еншіледі. "А" тобында екінші орында 10 ұпайы бар Словакия келеді. Бүгін түнде АҚШ құрамасы Венгриямен кездеседі және жарыс иелерінің жеңіске жету ықтималдығы жоғары. Мұндай жағдайда Қазақстан "В" тобының турнирлік кестесінде екінші орынға түсіп, Канадамен кездеседі. Ал егер Америка жеңіліс тапса, олар жартылай финалға шыға алмай қалады. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 1/2 финалда Жапониямен немесе Чехиямен кезедеседі.