“Барыс” үздік сұрмергенінен айырылып қалды

“Барыс” үздік сұрмергенінен айырылып қалды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыстың" капитаны Линден Вей "Тракторға" қарсы болатын кездесуге қатыса алмайды. Команданың үздік сұрмергені жарақат алғандар қатарына қосылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Барыс" капитаны Челябі облысына жолға шығар алдында өткізілген жаттығуда жарақат алған. Қоысмша медициналық тексерістен кейін, канадалық шабуылшы жарақат алғандар тізіміне енгізілді. Осылайша, ол "Тракторға" қарсы ойында командасына көмектесе алмайтын болды. 

Айта кетейік, Линден Вей биылғы маусымның 52 кездесуінде 36 (16+20) ұпай еншілеп, команданың сұрмергендерінің көшін бастап тұр.

Ал "Тракторға" қарсы болар ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады, оның тікелей көрсетілімін сайтымыздың "Трансляциялар" бөлімінен көруге болады.