Қазақстандық арулар стенд атудан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық арулар стенд атудан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды
Басқа

Стенд атудан Қазақстанның әйелдер құрамасы Марокконың Рабат қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Адель Садақбаевадан құралған Қазақстан әйелдер құрама командасы “скит” бағдарламасында үздік шықты. Тұғыр биігіне көтерілу үшін қазақстандық спортшылар АҚШ құрамасымен сынға түсіп, қарсыласынан мергенірек болды.

Айта кетейік, бұл жарыс әлемнің үздік стенд атушылары арасындағы алғашқы халықаралық жарыс болған еді.