Марадона vs Месси: Лионель Скалони таңдау жасады

Марадона vs Месси: Лионель Скалони таңдау жасады
Футбол

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони команданың екі үздік ойыншысы Месси мен Марадонаның арасында таңдау жасады, деа хабарлайды BasSport.kz тілшісі “COPE” басылымына сілтеме жасап. 

“Егер біреуін таңдау қажет болса, онда Мессиді таңдаймын. Екеуміздің ара-қатынасымыз ерекше. Ол футбол тарихындағы ең үздік ойыншы. Марадона да керемет футболшы болды. Мессимен жаттығу жүргізу қиын емес. Техникалық тұрғыдан оны өзгерту мүмкін емес, алайда кейде оған прессинг пен шабуылдағы ойнау стилі қысым түсіреді”, - деді Лионель Скалони. 

Лионель Скалони - араға 36 жыл салып Аргентина ұлттық құрамасын әлем чемпионы атағын иеленуге баптаған бапкер. Жаттықтырушының таңдауы түскен Лионель Месси болса, Катардағы доп додасында үздік ойыншы атанған болатын.