“Барыстың” канадалық қорғаушысы ҚХЛ-дағы елуінші матчын өткізіп үлгерді

“Барыстың” канадалық қорғаушысы ҚХЛ-дағы елуінші матчын өткізіп үлгерді
Хоккей

Өткен сенбіде “Барыстың” өз айдынында “Нефтехимикке” қарсы өткізген матчында астаналық клубтың қос ойыншысы Құрлықтық хоккей лигасындағы мерейтойлық матчтарын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы елордалық ұжымның баспасөз орталығы мәлімдеді. 

“Барыс” сапын биылғы маусымның басынды толықтырған канадалық қорғаушы Джесси Грэм Құрлықтық хоккей лигасындағы елуінші матчын өткізді. Оның қоржынында 18 нәтижелі пас, 8 күштік әдіс пен 54 бұғатталған соққы бар.

Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков та Лигада жаңа көрсеткішке қол жеткізді. “Нефтехимикке” қарсы матчта  ол 200-матчын өткізген. Шабуылшы осы кездесудің бәрінде «Барыс» намысын қорғаған. Оның еншісінде 42 (23+19) ұпай, 93 күштік әдіс, 144 тосқауыл қойылған соққы бар, оның шайбаны ойынға қосу да жеңі ске жету көрсеткіші – 58%.

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ"АҚ

"Барыс" ХК серіктесі - "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ