Мбаппенің пенальтиін қайтарған Мокин карьерасын қалай жалғастыратынын анықтады
Тәжірибелі қазақстандық қақпашы Александр Мокин карьерасын аяқтауға асығар емес. Ол Алматы қаласында жаттығып жатыр, деп хабарлайды bassport.kz Meta-ratings.kz сілтеме жасап.
Ақпан айында ол жалпы топпен жаттыу жасауға дайын болады. Ол былтыр маусым ортасында ауыр жарақат алған. Сондықтан "Тобыл" қақпасын ресейлік Тимур Ақмурзин қорғаған.
Қостанай командасымен Мокиннің келісімшарты аяқталған. Клуб 41 жастағы қақпашыға жаңа келісімшарт ұсынбады. Олар Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсенге ұсыныс жасаған. Бірақ Шымкенттің "Ордабасы" клубын таңдады.
"Тобылға" жақында жаңа бас бапкер келген. Сербиялық Милич Чурич беларусь қақпашысын әкеледі деп жоспарландуда.
однако тот решил перейти в «Ордабасы».
Александр Мокин "Тобылдан" бөлек, "Жігер", "Достық", "Жеңіс", "Алматы", "Астана", "Шахтер", "Оқжетпес" командаларында ойнаған. Ұлттық құрамада 22 матч өткізген 2021 жылы Килиан Мбаппенің пенальтиін қайтарды.