Қақпашы Игита отадан кейінгі жағдайын айтты

Қақпашы Игита отадан кейінгі жағдайын айтты
Футбол

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы және "Қайрат" клубының қақпашысы Лео Игитаға Риода (Бразилия) ота жасалған. Қақпашы ота жасатуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды  Bassport.kz. 


Маған омыртқа жарықшасын алып тастау үшін ота жасады. Өйткені, спортта ғана емес, қарапайым өмірде де өте көп кедергісін келтірді. Енді, бұл мәселе шешілді. Алдағы уақытта біртіңдеп, қалыпты өміріме ораламын. Алдымен отбасымен, сосын сүйікті спортыммен қауышамын. Доктор Марко Бруноға менің проблемамның өзектілігін және филиграндық операцияны түсінгені үшін рахмет. Ота жасатып, жеңілдеп қалуыма септігіңізді тигеніңзге алғысым шексіз, - деп жазды қақпашы.


Айта кетейік, жақында  футзалшының арқасына ота жасалған. Игита Алматы командасында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында командамен Құрлықаралық кубок (2014), УЕФА кубогы (2013, 2015) және Қазақстан кубогін бірнеше рет жеңіп алған болатын. Қазақстан құрамасы сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатының қоласын иеленген.


Futsalplanet.com тұжырымы бойынша бес рет үздік қақпашы атанған (2015, 2016, 2018, 2019, 2020 жылдар).