"Барселона" Ла Лиганы сотқа берді

Футбол

"Барселона" Ла Лиганы клубтың жалақы көрсеткішін 15%-ға ұлғайтуға мүмккіндік бермегені үшін сотқа берді. Бірақ LaLiga Impulso-ны құру үшін CVC Capital Partners қорының Лига қызметіне кірісуін қолдап, дауыс берген 38 клуб жалақы көрсеткішін көбейте алған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "COPE" басылымына сілтеме жасап. 

"Барселона" Испания астанасының коммерциялық сотына Ла Лигаға қатысты шағым түсірді. Команданың 2021 жылдың тамызында CVC-мен келісімшартқа отырған Кәсіпқой футбол лигасының 38 клубымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алмайтынына көңілі толмай отыр. Бұл келісімге сәйкес, Ла Лига бизнесінің 10,95%-ын  CVC-ге беріп, өзі оның орнына 1,99 млрд еуро алды. Бұл қаржы әр маусым сайын клубтардан алынатын қаражаттың 70%-ын инфрақұрылымға бағыттап отыратын La Liga Impulso-ны құруға көмектесті. Тағы 15% ақша қаржылай қарызды жабу үшін, қалған 15% клубтардың өзіне тиесілі спорт командалары жалақысын көтеру үшін қолданылады. 

"Барселонадан" өзге, бұл ұсыныстан "Реал", "Атлетик" пен "Ибица" да бас тартты.