Үздік бапкер кім атанбақ: ФИФА үміткерлер тізімін жариялады

Үздік бапкер кім атанбақ: ФИФА үміткерлер тізімін жариялады
Футбол

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылдың үздік бапкері атағына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Олардың арасында еуропалық Чемпиондар лигасы жеңімпазы мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти, Аргентина құрамасын әлем чемпионатындағы жеңіске әкелген Лионель Скалони мен Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам бар. 

ФИФА үздік атануға лайық деп тапқан бапкерлердің толық тізімі:

Карло Анчелотти ("Реал Мадрид");
Дидье Дешам (Франция ұлттық құрамасы);

Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити");

Валид Реграги (Марокко ұлттық  құрамасы);

Лионель Скалони (Аргентина ұлттық құрамасы).

Жылдың үздік бапкері жанкүйерлердің таңдауымен анықталатынын еске сала кетейік.