Ресейлік "Сочи" ҚХЛ жеңілістер сериясы рекордын жаңартты

Ресейлік
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында “Сочи” хоккей клубы өз айдынында “Торпедоны” қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Биылғы маусымда өз ойынын таба алмай, қатарынан сан мәрте жеңіліс тапқан сочилік клуб бұл жолғы матчта жеңіске бір табан жақын тұрған. Десе де, Нижний Новгород қаласы хоккейшілері овертаймда 3:2 есебімен басым түсті. 

Бұл - “Сочидің” қатарынан жиырма бірінші рет тапқан жеңілісі. Сондай-ақ, ол Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа антирекорд. Оған қоса, клуб 2000-2001 жылдар маусымындағы “СКА-ның” антирекордын (қатарынан 20 жеңіліс) да жаңартып үлгерді.

Биылғы маусымда “Сочи” тек 5 жеңіске қол жеткізген. Қазір команда 19 ұпаймен Батыс конференциясының көш соңында келеді.