"Тобылға" тағы бір сербиялық маман бас бапкер болды
Былтырғы чемпионаттың қола жүлдегері Қостанайдың "Тобыл" клубына сербиялық маман Милич Чурчич бас бапкер болып тағайындалды.
Жаңа жаттықтырушы 1981 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. Ол мансабын 2013 жылы "Атырауда" бапкердің көмекшісі есебінде бастаған. Содан кейін Кувейттің"Әл-Джахра", Ливия құрамасын, Сербияның "Пролетер" және Иранның "Зоб Ахан" клубтарын жаттықтырды. Өткен маусымды Чурчич «Шахтер" (Солигорск) командасының бас бапкері міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Оның басшылығымен "Шахтер" үшінші рет қатарынан Беларусь чемпионы атанды. Жаңа бас бапкерге Иван Евич көмектеседі, ол бұған дейін Сербияның жастар және ұлттық құрамаларында жұмыс істеген.Сондай-ақ штабта қақпашылар жаттықтырушысы Евгений Набойченко мен дене дайындығы бапкері Евгений Антонов еңбек етуді жалғастырады.
Былтырғы жылы қостанайлықтар Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Ол кезде де команданың бас бапкері сербиялық маман болған. Яғни, Милан Миланович жаттықтырды.