Қазақстандық кіші ракетка шеберлері әлем біріншілігінде бақ сынайды

Қазақстандық кіші ракетка шеберлері әлем біріншілігінде бақ сынайды
Теннис

Бұл күндері Катарда үстел теннисіне әлем чемпионатына Азия іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш бәсекеде қазақстандық спортшылар да бақ сынап, ел қоржынына әлем біріншілігінің қос жолдамасын салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде ұлттық құраманың Алан Құрманғалиев-Кирилл Герасименко және Айдос Кенжеғұлов-Зәуреш Ақашева жұптары жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

Шешуші кездесуде Құрманғалиев-Герасименко жұба ирандық Нима мен Ношад Аламиянды (4:0), ал Кенжеғұлов-Ақашева дуэті үндістандық Шарат Анчата мен Среах Акуланы (4:3) жеңді.