Уго Льорис ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Футбол
Футболдан Франция командасының капитаны және қақпашысы Уго Льорис ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады. Бұл туралы 36-жастағы спортшы “L’Equipe” басылымында мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Биікте тұрғанымда мансабымды аяқтауды жөн санаймын. Әріптестерім мен бапкерлерге деген құрметтен наурыздағы келесі халықаралық үзіліске дейін ұлттық құрамадағы жолымды қазір аяқтаймын. Енді Мик Меньян Франция ұлттық құрамасының бірінші нөмірлі ойыншысына айналуы керек”, - деді Уго Льорис.
Франция командасы сапынба Льорис 145 матчқа қатысты, бұл - ұлттық құрама рекорды. Қақпашы 121 матчта капитан ретінде өз командасын алаңға бастап шыққан.
Франция ұлттық құрамасымен бірге Уго Льорис 2018 жылы әлем чемпионы, 2021 жылы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.