“Сочи” ҚХЛ антирекордын қайталады

Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты аусымы аясында “Сочи” өз айдынында санк-петербургтік “СКА” клубын қабылдап, 3:6 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұл - сочилік команданың қатарынан он тоғызыншы рет жеңілуі. Осылайша, олар 2013-2014 жылдар маусымында “Спартак” жасаған антирекордты қайталады.
“Сочи” соңғы рет “Салават Юлаевты” жеңген. 2022 жылдың 15 қарашасында уфалық командадан 4:3 есебімен овертаймда басым түскен. Содан бері “Сочи” жеңіс дәмін тата алмай келеді.
Ал қазір ресейлік клуб Батыс конференциясының турнирлік кестесінде көш соңында тұр.