Зидан АҚШ, Бразилия мен Португалияға бас бапкер болудан бас тартты

Зидан АҚШ, Бразилия мен Португалияға бас бапкер болудан бас тартты
Футбол

Франция ұлтытқ құрамасының Дидье Дешаммен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартуы себепті Зинедин Зиданның жақын арада франциялықтардың бас бапкері болмайтыны анық. Десе де, оның бір ұлттық құрама тізгінін ұстауға мүмкіндігі болған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "L'Equipe" басылымына сілтеме жасап. 

Зиданға Бразилия, Португалия мен АҚШ футбол құрамалары тізгінін ұстауға ұсыныс түскен. Алайда экс-футболшының өзі үшеуінен де бас тартқан. Өйткені, ол Франция ұлттық құрамасын ғана басқарғысы келетін көрінеді. Сондай-ақ, ол өзі тілін жетік білмейтін құрама команданың тізгінін ұстағысы келмейді. "Реал Мадридтің" экс-футболшысы испан тілін меңгергенімен, ағылшын тілін білмейді. Сондықтан да АҚШ командасын жаттықтыруға келіспеген. 

Айта кетейік, Зинедин Зидан соңғы рет мадридтік "Реалдың" бас бапкері болып, командамен бірге үш рет Чемпиондар лигасының және екі испаниялық чемпионаттың жеңімпазы атанды.