"Сарыарқаның" төрт ойыншысы Универсиадаға барады
Хоккей
12-22 қаңтар күндері АҚШ-тың Лейк-Пэсид қаласында өтетін ХХХ Универсиадада бақ сынайтын Қазақстан құрамасы қатарына қарағандылық "Сарыарқаның" төрт ойыншысы енді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Shaiba.kz" сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан студенттер құрамасының сапында қарағандылық команда атынан қақпашы Денис Каратаев, қорғаушы Иван Гавриленко және шабуылшылар Саян Данияр мен Руслан Демин өнер көрсетеді.
Универсиаданың ерлер арасындағы сынында 12 команда өзара мықтыны анықтайды, олар: Канада, Чехия, Ұлыбритания, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Латвия, Словакия, Швеция, Украина мен США.
Командалар 6 құрамадан 2 топқа бөлінеді, үздік шыққан екі ел плей-офф кезеңіне жолдама алады.