Дэвис кубогында ел намысын қорғайтын теннисшілердің есімі белгілі болды

Дэвис кубогында ел намысын қорғайтын теннисшілердің есімі белгілі болды
Теннис

Ақпанның 4 мен 5 күндері Қазақстан ерлер құрамасы Чилидің Ла-Серена қаласында Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне өту үшін сынға түседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Юрий Щукин бастаған теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері Чилиде ел намысын қорғайтын келесі ойыншыларды анықтады: Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов. 

"Қарсылас неліктен хард маусымының қызатын тұсында грунтты таңдады? Себебі, Чили құрама командасының теннисшілері құмда өте жақсы өнер көрсетеді және грунт олар үшін ең тиімді таңдау", - деді Юрий Щукин.

Дэвис Кубогының іріктеу ойындары төрт жекелей және бір жұптық сынның матчтарынан тұрады және үш сетке жалғасады. Жеңіске жеткен 12 команда турнирдің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Бұл құрамалар 2022 жылғы финалистер Канада мен Аустралия командаларына және wild card алған Италия мен Испания қатарына қосылады.